Назарбаев мектептеріне Алтынсариннің есімі беріле ме? - министр жауап берді
Ведомство басшысы мұндай мәселе министрлікте талқыланбағанын атап өтті
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрлікке мұндай ұсыныс түспегенін айтты.
Үкімет отырысынан соң Halyq Unі тілшісі министрге «Назарбаев мектептеріне ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі беріледі деген бейресми ақпарат бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас?» деген сұрақ қойды.
Біз бейресми ақпаратқа жауап бере алмаймыз. Енді мұндай гипотезаларға қалай жауап береміз? Мұндай алып-қашпа сөздер болады. Оның барлығына жауап бере берсек... Мұндай ақпарат біздің қолымызға түскен жоқ, - деп жауабын қысқа қайырды Асхат Аймағамбетов.