Halyq Uni логотип
×

Ақтауда есірткі жарнамалаумен айналысқандар ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 01.11.2024 | 15:50
Ақтауда есірткі жарнамалаумен айналысқандар ұсталды
Фото: Halyq Uni

Ақтауда есірткі жарнамалаумен айналысқан үш тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, олардан «МЕФ», «СК», «DUNE24CC», «VPN» жазулары бар трафарет, фломастер,балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллондар, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және тағы басқа заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама