Қылмыскерді экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Діни экстремизмді насихаттағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған шетелдік Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды қолға түсірді. Оған қатысты интернет арқылы діни экстремизм идеялары бар материалдарды тарату бойынша көрші елде қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қазір ұсталған азамат қамауға алынды. Қылмыскерді экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.