Halyq Uni логотип
×

Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты

Ал ер адам ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 31.10.2024 | 23:00
Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты
фото: Halyq Uni

Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, соның салдарынан келіншек көз жұмған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан. Келіншек алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тауып, ер адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама