Қандай жағдайда күмәнді хабарлама жіберген WhatsApp аккаунт бұғатталады?

Дәурен Ерболат

Қазақстан интернет-алаяқтық алдын алу үшін Telegram, Meta-мен байланысты күшейтті

Фото: Halyq Uni

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ведомство интернет-алаяқтыққа қарсы Telegram, Meta-мен байланысты күшейткенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Біз мессенджерлермен ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Қазір Telegram, Meta сынды компаниялардың кеңсесін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз. АХҚО базасында кеңселерді тіркейміз, ал Astana Hub-та Telegram кеңсесін ашу ұсынылды.

Қазір мазмұнды модерациялауға жауапты нақты тұлға анықталды. Егер Қазақстан заңнамасының бұзылуы, зорлық-зомбылыққа шақыру, есірткіге қатысты хабарламалар болса, Telegram компаниясы біздің өтінішті тез қарайды. Осылайша, арналарды бұғаттауға және жоюға көмектеседі», - деді Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ Meta-мен де ынтымақтастық жолға қойылған.

«Компанияның хабарлауынша, қазір барлық ел алаяқтық, кибершабуылға тап болып отыр. Олар жасанды интеллектке негізделген технологиясының арқасында WhatsApp-та 1,2 млрд аккаунт өшірді.

Жұмыс желіні пайдаланушылардың шағымынсыз жүргізілді. Егер олар күдікті хабарлама алса, олар «адамға шағымдану» батырмасын басуды ұсынады. Содан кейін оларға соңғы 5 хабарлама қолжетімді болады. Осылайша, олар хаттың мазмұнын талдай алайды. Нәтижесінде шағым орынды болса, аккаунтты өшіреді», - деді министр.