Тоғыз айда Вьетнамға барған қазақстандықтардың саны 106 мыңға дейін өскен
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңы мақұлданды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Сенатор Наурызбай Байқадамовтың айтуынша, халықаралық шарт 3 бағытты қамтиды. Олар:
Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасында құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы екі шарт жасалып, екі тараппен де ратификацияланған. Бүгінгі заң үшінші бағытты реттейді. Келісімшартқа 2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған, - деді депутат.
Оның айтуынша, аталған шарт қос ел арасындағы сауда-экономикалық, кәсіпкерлік, туристік және басқа да қарым-қатынастардың даму үрдісін ескере отырып жасалған. Мысалы, биыл 9 айда Вьетнамға барған Қазақстан азаматарының саны 106 мыңға дейін өскен.
Келісім екі тараптың егемендігін, теңдігін және халықаралық нормаларды құрметтеу принциптеріне негізделеді. Аталған шартта «беруші тарап», «қабылдаушы тарап» және «сотталған адам» сияқты негізгі терминдердің нақты анықтамалары берілді. Бюрократиялық кідірістерді болдырмауға және беру процесінде жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында тиімді өзара әрекеттесу үшін жауапты орталық органдар ретінде Қазақстан жағынан – Бас прокуратура, Вьетнамнан – қоғамдық қауіпсіздік министрлігі айқындалды. Шарттың негізгі ережелері негізінде сотталған адамды беру шарттары және ол үшін талап етілетін құжаттар тізімі реттеледі, - деді сенатор.
Сотталған адамды беру келесі шарттар бойынша іске асырылады:
«Қабылдаушы тарап» сотталған адамды алғаннан кейін «беруші тарап» шығарған үкімді өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды.
Айта кетейік, Қазақстан түрмелерінде 1 085 шетелдік жазасын өтеп жатыр.