Олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Ресей азаматтары
Қазақстан түрмелерінде 1 085 шетелдік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның ішінде Өзбекстанның 527 азаматы, Ресейдің 214 азаматы бар.
Сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан Республикасының азаматтары жазасын өтеп жатыр. 1998 жылғы Мәскеу конвенциясы шеңберінде ТМД мемлекеттерімен сотталған азаматтарды беруге қатысты жұмысты атқарып жатырмыз. Былтыр Өзбекстанмен екіжақты шарт ратификацияланды. Бізде мұндай 24 келісімшарт бар, - деді Қойгелдиев Сенат отырысында.
Айтуынша, Қазақстанның түзеу мекемелерінде Вьетнам азаматтары жазасын өтеп жатқан жоқ. Сондай-ақ қазақстандықтар да Вьетнам аумағында сотталмаған.
Сондай-ақ Ғалымжан Қойгелдиев қылмыс жасаған қазақстандықтар да шетелден қайтарылғанын жеткізді.
Биыл 52 адам шетелден эстрадицияланды. Олар алаяқтық, ұрлық жасаған, арасында аса ауыр қылмыстар істегендерде бар. Негізінен адамдарды ТМД елдерінен адамдар эстрадицияланды. Еуропадан да жеткізілетіндер бар, - деді Қойгелдиев.