Қазақ көбейіп жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Ауылға қарағанда, қалаға көшіп жатқандар көп

фото: kff.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің демографиялық жағдайы туралы мәлімет берді. 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда, халық саны 236,9 мың адамға көбейді.

«2022 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда, халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% көбейді», – делінген хабарламада.