Павлодар облысында 100 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Динара Амантай

Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды

Фото: polisia.kz

Павлодар облысында 100 млн теңгенің вейпттері тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүз мыңдаған электронды темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден астам ақша, бухгалтерлік құжаттаманы, басқа да жазбалар және дәлелді маңызы бар заттарды тапты. Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды. Олар топтаса әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотині бар өнімдерді сатумен айналысқан.

Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.