Алматыда танымал блогердің көлігімен трюк жасаған жігіт қайтыс болды

Халық үні

22 жастағы жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түсіп қалған

фото: Halyq Uni

Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 29 қазанда Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түсіп қалған.

Соның салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды. Онда 30 қазанда есін жимастан жан тапсырған.

Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.