Halyq Uni логотип
×

«Намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус»: Абай Бегейдің балалары дінге берілген

Мұсылмандардың балабақшасына барады, ол жақта да дұға үйретеді, - дейді әйелі

 Халық үні 30.10.2024 | 21:52
«Намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус»: Абай Бегейдің балалары дінге берілген
фото: видеодан скриншот

Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова балаларының дінге жақын екенін, «олар намаз оқымаса, үлкен минус болатынын» айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Біз бес уақыт намаз оқимыз. Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус. Аминокқа «мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды» деп айтып отырамын. Намаз – әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын, «біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік» деп. Сымбат намазға өзі келді. Әмина мен Сымбат Құран оқи алады, арнайы дәріске жібердік, - деді ол.

Сондай-ақ ол балаларының «дінге өз еркімен келгенін», орамал тағу туралы шешімді де өздері қабылдағанын айтты.

Бір күні Сымбат «орамал тағайын» деді. Орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді, - деді Фариза Жұманова.

Осы орайда ол желі қолданушыларына жақпай қалды. Жазылған пікірлерге сүйенсек, әншінің екінші әйелі балалардың миын улап тастаған-мыс.

Абай Бегейдің отбасын әбден улаған екен», «Намаз оқытып, 16 жасында қыздарын күйеуге жібергенше, оқытпайсың ба?», «Теріс діндегілер тақсыр деп сөйлеуші еді», «Ата-анаға минус дегенді бірінші рет естіп тұрмын» деп жазды көпшілік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама