«Қазхром» карьерінде екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Халық үні

3 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

фото: t.me/HromtauLIVE

Ақтөбедегі «Қазхром» компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кабинада отырған 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жол апаты бүгін Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде болған. Жүк көлігі қатты жылдамдықпен бұрылып жатқанда аударылып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен оның жолаушысы көз жұмды.

Облыстық полиция депаратменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 277-3-бабы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша 3 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.