Halyq Uni логотип
×

Ауылда қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды

Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды

 Халық үні 30.10.2024 | 19:31
Ауылда қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылды
фото: pxhere.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама