Ол қазақстандықтарды әлеуметтік желіде жиһадқа шақырған
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында терроризмді насихаттаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотта анықталғандай, ер адам әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттап әрі экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып, жиһадқа шақырған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Сот айыпталушының жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, сот Т.-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.