Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді
Солтүстік Қазақстан облысында өрт кезінде 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Петропавл қаласының Сәтпаев көшесі бойында 9 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан автобөлшектер дүкенінің шатыры өртенген.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.