Баулықовқа жылыту маусымына дұрыс дайындық жүргізбегені үшін сөгіс жарияланған
Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қарағанды облысы әкімі өкімімен Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды, - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі.
Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімі орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқарады.
Айта кетейік, бұған дейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысы энергетика басқармасы басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
Үкімет отырысының бірінде премьер-министр Олжас Бектенов Саран қаласындағы істен шыққан жылу қазандығы туралы жалған ақпарат бергендер жауапқа тартылатынын айтты.