Қылмыстық іске 20 қазанда нүкте қойылған
Алматыда белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.
Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады, - делінген полиция хабарламасында.