Жантүршігерлік апат тіркелді
Алматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, 28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды. LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде мерт болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі әрі қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыздар, деп ескертті мамандар.