Жетісу облысында есірткі зертханасын ұйымдастырғандар сотталды

Динара Амантай

Тінту кезінде 21 келі психотроптық зат пен құрал-жабдық тәркіленді

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ер адам сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның мәліметінше, күдіктілер қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.

Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 келі психотроптық зат мен зертханалық құрал-жабдық тәркіленді.

Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.