Halyq Uni логотип
×

Елордада заңсыз вейптердің қоймасы табылды

Электронды темекі саудасы азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 29.10.2024 | 15:05

Астананың тәртіп сақшылары заңсыз вейп сақтау қоймасын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, бас қалада өткен «Учаске» жедел-алдын алу шарасы барысында Сарыарқа ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары заңсыз электрондық темекілер мен вейптер сақталған қойманы анықтады.

Қосшығұлұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан қоймадан 2700-ден астам электрондық құрылғы тәркіленді. Тексеру барысында бұл тауардың Telegram арнасы арқылы сатылып, курьерлер арқылы жеткізілгені белгілі болды, – делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда сақшылар заңсыз электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полицейлер биылғы жылдың 20 маусымынан бастап Қылмыстық кодекске енгізілген 301-1-баптың талаптарын еске салды. Бұл бап бойынша шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға қатаң тыйым салынған. Заңды бұзған жағдайда 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл, түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алу шаралары қолданылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама