Биыл елімізде 200 мыңға жуық техника шығарылған
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде жасалған тұрмыстық техниканын пайдаланбайтынын, бірақ туысына сыйлаққа бергенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында ведомство басшысына «Үкімет отырысында «Отандық өндірушілер ас-үй плиталарын шағын пештер, кір жуғыш машиналар, теледидарлар, су жылытқыштар және шаңсорғыштар шығарады» деп айттыңыз. Сіз осы айтылған тұрмыстық техниканың біреуін сатып алдыңыз ба? Оларды қайдан сатып алуға болады?» деген сұрақ қойылды.
Қанат Шарлапаев отандық өнімді өзі пайдаланбайтынын жеткізді.
Менің үйімде осындай техника жоқ. Бірақ Dauscher өндірген техниканы оның ішінде пешті туысыма сыйлыққа алдым. Жолдасым интернет арқылы оны сатып алды. Қазір көбісі «Осы техниканы қайдан сатып алуға болады?» деп сұрайды. Сіз жас адам сияқтысыз. Оны интернет арқылы іздеуге болады. Мысалы, қазір өзіңіз қаласыз, (осы айтылған техникаларды) Kaspi қосымшасы арқылы сатып алуға болады, - деді министр.
Ведомство басшысы Қазақстанда тұрмыстық техника жасалатынын, оның көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті.
Мысалы, Алматы тұрмыстық техника зауыты бар. Кәсіпорын өнімнің көлемін арттырып жатыр. Келесі жылы онда 700 мыңға жуық техника өндіріледі. Министр ретінде менің жұмысым осындай кәсіпорынға (өнім өндіруге) мүмкіндік жасау. Ал ондағы өнім қалай сатылады, бұл – зауыттағы маркетинг департаментінің жұмысы. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 200 мыңға жуық техника өндірілды. Бұл бұрын соңды болмаған, - деді Қанат Шарлапаев.