Жерге қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында өз бетінше алынған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Петропавл қалалық департаменті мен әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өтініші негізінде мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Тексеру және өлшеу нәтижелері бойынша 0,8 га аумақтағы мемлекеттік меншік жер учаскесін жергілікті ЖШС-нің заңсыз иемденгені және пайдаланғаны анықталды. Заңбұзушылық үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп қосты ведомство.
Департамент Петропавл қаласы әкіміне заңсыз иемденген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару туралы шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады. СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласы әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды.