Алматы облысының тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Есірткі қылмысы азаймай тұр
Алматы облысының тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары Шелек ауылының 47 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен құрықтады.
Сарапшылардың зерттеуі тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады. Оның жалпы салмағы 9 кг 520 гр болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі аудандық полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Еңбекшіқазақ ауданы ПБ бастығы Дәурен Құтпанов.
Сақшылар істің мән-жайын анықтап, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр.