Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік жазаланды

Қымбат Елтайқызы

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

фото: Halyq Uni

Семей қаласында Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Семейде 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.

Оның қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды, – делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиіс екендігін ескертеді.