Өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес
Қазақстанда 12 мыңнан аса адам жеке басын куәландыратын құжатта ұлтын ауыстырған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бір қызығы, басым көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Одан кейін өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.
ІІМ мәліметінше, соңғы 4 жылдағы ұлт ауыстыру статистикасы мынадай:
Жүргізілген сараптамаға сәйкес, қазақстандықтардың арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар (743 адам) көп. Ал өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11, - делінген ІІМ мәліметінде.