Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

Өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес

 Халық үні 29.10.2024 | 07:43
Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған
фото: Halyq Uni

Қазақстанда 12 мыңнан аса адам жеке басын куәландыратын құжатта ұлтын ауыстырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бір қызығы, басым көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Одан кейін өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.

ІІМ мәліметінше, соңғы 4 жылдағы ұлт ауыстыру статистикасы мынадай:

  • 2021 жылы – 3 254 адам;
  • 2022 жылы – 3 363 адам;
  • 2023 жылы – 3 366 адам;
  • 2024 жылы (қазіргі уақытқа дейін) – 2 158 адам.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, қазақстандықтардың арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар (743 адам) көп. Ал өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11, - делінген ІІМ мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама