Полицейлер интернет алаяқтықпен күреске имамдарды тартты (ВИДЕО)
Енді одай уағыздар шіркеулерде, католиктік костелдарда, басқа да ғибадатханаларда жүргізілетін болады
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа әдісіне көшкен. Олардың ықпалымен қазір жергілікті мешіттерде жұма намазы барысында алаяқтардың әрекеті туралы айтыла бастады, деп хабарлайды Halyq Uni Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қариялардың бірі интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерден жаңалық оқымайтынын айтқан. Сондықтан ол дін өкілдерінің сөзіне құлақ түріп жүреді екен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары имамдардың көмегіне жүгінуге шешім қабылдаған.
Жақында мешіттерде алғашқы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Имамдар жұма намазында интернет-алаяқтықтың қаупі туралы айтты.
Алдағы уақытта тура сондай іс-шараларды қаладағы, облыс аудандарындағы шіркеулерде, католиктік костелдарда және басқа да конфессиялардың ғибадатханаларында өткізу жоспарланып отыр.