Halyq Uni логотип
×

Қазақстан eGov жүйесін Моңғолияға экспорттайды

28 қазанда Қазақстан-Моңғол іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті

 Халық үні 28.10.2024 | 12:19
Қазақстан eGov жүйесін Моңғолияға экспорттайды
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Моңғолияға eGov жүйесін экспорттайды. Бұл туралы цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан-Моңғол іскерлік кеңесінің бірінші отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өзінің сөзінде инновациялық экожүйені құруды, стартап-жобаларды дамытуды, цифрлық үкіметті (govtech) енгізуді және аэроғарыш саласындағы жобаларды қоса алғанда, цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі векторлары туралы айтты.

Ынтымақтастықтың маңызды элементі eGov қазақстандық электрондық үкімет жүйесінің экспортын талқылау болды. Бұл жоба Моңғолияға Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, онда қызметтердің 90%-дан астамы онлайн режимінде ұсынылады, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Қазақстан Astana Hub халықаралық технопаркін дамыту бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама