«Астана-Семей» бағытында қатынайтын вагондар жаңартылды

Қымбат Елтайқызы

Вагондар толық жабдықталған

фото: rail-news.kz

Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Мәселен, «Астана – Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: 2 плацкарт пен 1 купе, деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған, – деп қосты ведомство.

Биылғы жылдың алғашқы 9 айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушы тасымалдады.