Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқандар ұсталды
Есірткі қылмысы азаймай тұр
Алматы қаласында есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, деп мәлімдеді Алматы прокуратурасы.
Бірлескен жұмыс барысында «50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы» деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген 2 адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Аталған адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған. Оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі Телеграм-арнаға сілтеме жасалады, – деп қосты ведомство.
Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тиісті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.