Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Бұл жүйенің жоспарлары белгілі болды
Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл жобаның негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камерасын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру, деді жергілікті әкімдік.
Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты, бет-әлпетті тану әрі т.б. негізінде қалыптасады, – деп қосты ведомство.
Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік, 906 жеке нысан бейнеағындарын Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде жүйеге 45 мың бейнекамера қосылған.