Лицензиясы жоқ интернет-казино тізімі жарияланды
Тізімге 1 820 ресурс енген
Еліміздегі лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімі жаңартылды. Тізімді Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті жариялаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тізімге 1 820 ресурс енген.
Тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді. Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген, - делінген ақпаратта.
Содан кейін тізім «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.