Halyq Uni логотип
×

Елордада домбырашылар байқауы өтті

Конкурс жастар арасында ұйымдастырылды

 Қымбат Елтайқызы 28.10.2024 | 10:25
Елордада домбырашылар байқауы өтті
фото: Астана әкімдігі

Бас қалада «Астана – күй қанатында» атты домбырашы-күйшілер байқауы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елордада қала әкімдігінің қолдауымен әрі республикалық «Күй анасы» қорының бастамасымен Дина Нұрпейісова атындағы «Астана – күй қанатында» домбырашы-күйшілердің IІ қалалық байқауы өтті, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен байқауда 40 қатысушы бақ сынады, – деп қосты ведомство.

Жалпы, күй байқауы екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең онлайн форматта өтіп, нәтижесінде екінші кезеңге өткен 24 қатысушы анықталды. Олар Құрманғазының бір күйін және Дина Нұрпейісованың бір күйін орындады.

Байқау қорытындысы бойынша, 14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынға Ералы Таупих ие болды. Екінші орын Жазира Ораковаға, ал үшінші орын Қорғасбек Изатуллаға бұйырды. 19-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынды Валерия Бөлекбай алды. Екінші орынды Ділнәр Анарбекова, ал үшінші орынды Ғалымжан Ғаббас иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама