Қазақстанда үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды (ВИДЕО)
ІІМ осындай мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары үш күн ішінде 4 есірткі зертханасын анықтап, 6 адамды ұстады, олардың екеуі – шетел азаматы.
Сондай-ақ, 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және 9-ы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг синтетика және 11 кг марихуана тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.