Оралдық дәрігер әкімдікті сотта жеңіп шықты

Халық үні

Енді 31 желтоқсанға дейін әйелге бір немесе екі бөлмелі пәтер берілуі керек

фото: Halyq Uni

Орал тұрғыны әкімдікті пәтер беруде шарасыздық танытты деген айыппен сотқа беріп, жеңіп шықты. Ол әкімдіктің әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруді талап еткен, деп хабарлайды Halyq Uni

БҚО облыстық сотының мәліметіне сәйкес, әйел 33 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеген. Бірақ осы уақытқа дейін оның үйі болмаған. Соңғы 15 жыл бойы пәтер жалдап келген. Бұған дейін тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік қордан қызметтік пәтер алуы керек болған. Дегенмен комиссия шешімі әлі орындалмаған. 

Сотта тараптар келісімге келді. Енді 31 желтоқсанға дейін әйелге бір немесе екі бөлмелі пәтер берілуі керек. Егер орындалмаса, әкімдікке 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл салынады.