Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында жантүршігерлік көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға болмас бұрын полиция жүргізушіге ескерту жасаған

 Дәурен Ерболат 26.10.2024 | 16:51
Атырау облысында жантүршігерлік көлік апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: Атырау облысы ПД

Атырау облысында автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып, 4 адам көз жұмды деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы түнгі таңғы 6 шамасында болған.

26 қазанда Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау – Орал тас жолында түнгі сағат 4 шамасында жол ережесін бұзған Daewoo Nexia көлігін (Ресейде тіркелген) тоқтатты. Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, оған жолда сақ болуға кеңес берілді, - деді Атырау облысы ПД ППР командирі Әділбек Шахметов.

Осыған қарамастан жүргізуші шамамен бір сағаттан соң көлік апатына түскен.

Таңғы сағат 6 шамасында Атырау – Орал тас жолында Daewoo Nexia-ның 38 жастағы жүргізушісі көліктің руліне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігіне соғылды. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы оқиға орнынанда көз жұмды. Автомобиль толық жанып кетті, - деді полиция қызметкері.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әділбек Шахметов жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды.

Құрметті жүргізушілер, жол қатені кешірмейді. Өзіңіздің және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеңіздер, алыс жолға түнде шықпаңыздар. Егер шаршасаңыз, көлік басқармаңыз. Сіздерден жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама