×

Ақтөбеде көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды

Кеше Ақтөбеде тағы бір апат болып, бала зардап шеккен еді

 Қымбат Елтайқызы 14.06.2022 | 10:10
фото: ашық дереккөзден

11 маусымда Қонаев көшесінде Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды», – дейді ІІМ.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (көліктерді мас күйінде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе автокөліктерді пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген ақпаратта.

Алматыда көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті. Футболшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Жетісу облысында автобус аударылып, бір адам мерт болды. Қостанайда адам қағып өлтірген әкімдіктің жүргізушісі екі жылға сотталды. Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама