«Қорғаста» мыңға жуық киік мүйізі тәркіленді
Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады
«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында шетелге заңсыз шығарылмақ болған мыңға жуық киік мүйізі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биыл 17 қазанда «Қорғаста» ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп, елімізден 991 киік мүйізін әкетуге жол бермеді, - деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының дерегінше, қылмыс салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден аса шығын келген.
Материалдар тиісті шара қабылдануы үшін полицияға берілді.