×

Баян Алагөзова өзін танымал еткен Талғат Теменовтен кешірім сұрады

Негізінде ол – менің алғашқы ұстазым, - деді продюсер

 Халық үні 26.10.2024 | 08:05
фото: видеодан скриншот

Белгілі продюсер Баян Алагөзова театр және кино режиссері Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Айтуынша, өзі бір кездері режиссерге қатыгездік танытқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Продюсер Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өзін бүкіл Қазақстанға бір-ақ күнде Талғат Теменовтің танытқанын мойындады.

Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол – кішкентай Орал қаласынан шыққан Баянды бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдызға айналдырған адам. Мен «Махаббат станциясы» фильміне түсіп, бірден Қазақстандағы ең танымал қызға айналдым. Содан біздің арамызда түсінбеушілік пайда болды. Ол екінші фильм түсіруі керек еді. Сол кезде «Мен киноға енді түскім келмейді. Маған онсыз да бәрі ұнайды. Сіз маған енді керек емессіз» деп айттым. Ал негізінде ол – менің алғашқы ұстазым. Маған көп нәрсе үйретті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Сол кезде қатыгездік танытқаным үшін кешірім сұраймын, – деді продюсер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама