×

ТЖМ елордада қатты желден құлаған кранға қатысты түсініктеме берді

Құрылыс нысанында жұмысшылар болмаған

 Ербол Тұрымбет 14.06.2022 | 10:09
фото: әлеуметтік желі

Нұр-Сұлтанда қатты желден мұнара краны құлады. Бұл туралы ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Оқиға Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында болған. Мұнара краны екпіні 20-25 м/с болатын қатты желдің салдарынан құлап кеткен. Құлаған кран құрылыста қолданылмаған, қаңтарылып тұрған. Құрылыс нысанында жұмысшылар болмаған. Олар дауылды ескертуге байланысты жұмысты алдын-ала тоқтатқан.

«2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан «Sen» тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны «НЕОТЕХ» ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын», - делінген хабарламада.

Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама