Әлемнің ең қарт тұрғыны 115 жасқа келіп көз жұмды
Өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрған
Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны саналады, сондай-ақ әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Longeviquest басылымының жазуынша, ол 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.
Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде жаман әдеттерден аулақ болуды атады. Өмірінде алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа соны жеген.
Ал өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрған.