Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды

Халық үні

Қазір оны палатасында полицейлер күзетіп отыр

фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Науқас 4-қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды. Ол туралы видео Instagram-дағы Cenzura_aktau парақшасына жарияланды.

Облыстық полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетіп отыр.

Науқас – 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.