Ақтауда науқас аурухана терезесінен секірмек болды
Қазір оны палатасында полицейлер күзетіп отыр
Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Науқас 4-қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды. Ол туралы видео Instagram-дағы Cenzura_aktau парақшасына жарияланды.
Облыстық полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетіп отыр.
Науқас – 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.