×

Алматы облысындағы төбелес камераға түсіп қалды

Екі адамның біреуі есінен таңды

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2022 | 09:44
Видеодан скриншот

12 мен 13 маусымға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында белгісіз адамдардың заң бұзушылық жасаған істері видеокамераға түсіп қалды.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Бесағаш ауылындағы «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Онда төрт адам кіреберісте екі  жігітті тепкілеп, біреуін есінен таңдырған. Қазір зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы, яғни бұзақылық бойынша іс қозғалды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, бұзақылық жасаған адамдардың қылмыстық істерге қатысы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама