Бүгін барлық өңірде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.
Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.
Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.