×

Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашқан ер адам ұсталды

Оған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады

 Халық үні 25.10.2024 | 10:16
Фото: Halyq Uni

Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашқан ер адам ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты, – делінген ақпаратта.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама