Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып жатыр

Халық үні

Қалай ажырасқаным туралы жазамын, - дейді

фото: видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол іnstagrаm-дағы парақшасында өзінің өмірі туралы естелік жазу үшін қолына қалам алғанын жеткізді.

Кітап мен, бірінші некем туралы болады. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – дейді Назым Қаһарман.

Сонымен қатар, ол кітабының екі тарауын жазып қойғанын айтты.