Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып жатыр
Қалай ажырасқаным туралы жазамын, - дейді
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол іnstagrаm-дағы парақшасында өзінің өмірі туралы естелік жазу үшін қолына қалам алғанын жеткізді.
Кітап мен, бірінші некем туралы болады. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – дейді Назым Қаһарман.
Сонымен қатар, ол кітабының екі тарауын жазып қойғанын айтты.