Ақтауда 17 жастағы жігіт лифтіде кішкентай қыздарға тиіскен
Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтаудың 17 жастағы тұрғыны лифтіде 5 және 13 жастағы қыздарға тиіскен, деп хабарлайды Halyq Uni.
«НеМолчи.kz» қорының мәліметінше, оқиғаны зардап шеккен балалардың анасы мәлім еткен. Оның айтуынша, бұл жағдай 11 қазанда болған. Жігіт қыздарды кіреберісте күтіп тұрған, содан кейін олармен бірге лифтке кірген. Лифт ішінде ол ересегіне тиісе бастаған. Артынша қыздар көшеге жүгіріп шығып, анасы оларды учаскелік полиция қызметкеріне апарған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, арнайы түсінік берді.
Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.