Алматыда мопедтен құлаған жасөспірімді экскаватор басып кетті
Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды
Бүгін таңертең Алматының Алатау ауданында мопедтен жол бойына құлап кеткен жасөспірімді экскаватор басып қалды. Оқиға салдарынан 16 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алматы қаласының полициясы оқиғаның мән-жайын мәлімдеді.
Алғабас шағын ауданында Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы жасөспірім сол бағыттағы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылған. Кейін соқтығыс салдарынан жол жиегіне құлаған 16 жастағы мопед жолаушысы экскаваторға соғылған, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Өкінішке қарай, жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.